Білім мен бірліктің дамуы

Oinet.kz 20-05-2021 955

Screenshot_19.jpg

Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.

Н. Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан

Рухани жаңғыру – қазақстандықтардың салт-санасы мен дүниетанымын өзгертетін қозғаушы күш. Елбасы аталмыш жаңғырудың негізгі ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, маңыздылығына тоқталады: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай  тарихи  тәжірибе мен  ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіспіз. Замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың  маңызды  алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға алып келеді. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі артықшылықтарын қиыннан қиыстырып, жарастыра  алатын  құдіретімен маңызды». 

Бәсеке болған жерде әрбір тұлға өзінің ең сапалы қызмет түрін ұсынады. Білім  мен тәрбиесі ғажайып түрде үндескен, ұлттық идеологиясы темірқазығына айналған табысты ел болуымыз үшін жақсылыққа ұмтылып, жаманшылықтан арылып, саналы түрде барлық қасиеттерімізді ізгілендіріп, сананы рухани жағынан үнемі жетілдіріп, дамытып отыруға тиістіміз. Ең бастысы – бағыт-бағдарымыз анық, жолымыз ашық болуы керек.

Елбасының рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беруі – үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерлеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш. Қазiргi уақытта қоғам мен білімнің дамуы, экономикалық өркендеу, тұрмыс сапасы, ұлттық қауiпсiздiк бiлiм берумен, ғылымның ілгерлеуімен, ғылыми зерттеулер нәтижелерiнің тәжірибелік қолдану тиiмдiлiгiмен анықталады. Кез-келген елдің болашағы қашан да – өсіп келе жатқан ұрпағына байланысты Сол себепті де, Қазақстан бәсекеге лайықты, білікті жастарды дайындауға баса назар аударып келеді.

Білім – табысты болудың басты факторы. Ол ел жастарына болашағына ғана емес, бүтіндей мемлекеттің дамуына әсер етеді. Сондықтан, оған әрдайым ерекше басымдық берілетіні – түсінікті де. Қазір экономика, өнеркәсіп, өндіріс салалары көз ілеспес жылдамдықпен алға жылжуда. Яғни, технологиялық революция. Енді бір он жылдан кейін қазіргі кәсіптердің кейбірі жойылып, жаңа түрлері пайда болуы мүмкін. Ал оларды игеріп кете алатын жастар Қазақ елінде де болуы тиіс. 

Айжан ТОҚТАБЕК  

Айтолкын ОТУНШИЕВА 

М.Әуезов атындағы ОҚУ, «стандарттау және сертификаттау» кафедрасының магистр, аға оқытушылары 

ОҚМПУ үздік үштікке енді
Актер Фархат Әбдірайымов Грузияда көз жұмды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу