Министр Аида Балаеваның анасы өмірден өтті
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның анасы, білім беру саласына еңбек сіңірген ұстаз Раиса Рахымжанқызы Жыланкөзова 69 жасында өмірден өтті.
Қаралы хабарды aқпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі Telegram арнасындағы парақшасында растады.
- Білім беру саласына еңбек сіңірген ұлағатты ұстаз Раиса Рахымжанқызының қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады, - делінген хабарламада.