Еңбеккер бейнесінде – Ербек Бакиев

Oinet.kz 18-05-2021 943

Бүгін сіздерге Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы бастамасымен қолға алынған "Еңбеккер бейнесі" айдары аясында КИнЭС Қазақстан рекордтар кітабына Тұңғыш зағип тележүргізуші ретінде енген кітапханашымен таныстыруды жөн көрдік. 

Screenshot_1.jpg

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана қызметкері Ербек Бакиев еңбек жолын 2015 жылдың ақпан айында  ОҚО арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханада Тифлолог-редактор болып бастаған.

 2017 жылдан бастап «Отырар» телеарнасында тұңғыш зағип тележүргізуші ретінде «Ерекше жандар» бағдарламасын ашып, мүмкіндігі шектеулі жандардың жетістігі мен шығармашылығын насихаттап өмірге құштар жандармен тікелей эфирде сұхбат жүргізіп, еңбек етіп келеді.

2013 жылы «Бәріміз бірдейміз кемсітуді білмейміз» мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өткен республикалық байқауда облыстан ІІ орын иегері, 2017 жылы 29 қазанда Қызылорда облысы Қазалы ауданында өткен республикалық «Ғани Мұратбаев атындағы жастар сыйлығының» иегері атанып, төсбелгімен марапатталған. 

Бүгінде Ербек Бакиев арнайы кітапхананың Тифлология бөлімінің меңгерушісі, сонымен қатар, Республикалық «Шабыт» газетінің негізін қалап, елдегі елеулі жаңалықтар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың жеткен жетістіктері, қоғамда атқарылып жатқан жұмыстарын жарыққа шығарып, оқырман қошеметіне бөленуде.

Ербек Бакиев тағдырдың жіберген сынағына мойымай, қарсы тұра білетін, көпке үлгі болып жүрген жандардың бірі .

Айта кетейік, Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында 57 қызметкер жұмыс жасайды. Оның барлығы да кәсіподақ қызметкері.

#kasipodaqkz 

#kasipodaqkomektesude #ӘлеуметтікӘріптестік #ҚРКФ #Шымкент #БастауышКәсіподақҰйымыЖылы

Шенеуніктерден 3,4 миллион теңге айыппұл өндірілді
Министр Аида Балаеваның анасы өмірден өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу