Елбасының «аты» өшті
17-02-2023
Танымал айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов айтыста болған қызықты сәттерін еске алды. Ол осы айтыстың арқасында Елбасымен қалай кездескенін айтып берді. Бұл туралы ол Нұрмахан Мұқанұлына берген сұхбатында мәлімдеді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
- Бір айтыста біраз нәрсені бас-көз демей қатты айтып жібердім. Ертесіне мені айтысқа қатысқан лауазымды адамдар шақырды. "Мен жақсы айттың, уайымдама, бәрі дұрыс болады" дегендер де, "қай жылғысың? Өй, байқасайшы сен бала" деп қорқытқандар да болды. "Осы айтыста айтылған мәселелерді Елбасының алдында айтсаң қалай болады?" деген ұсыныс түсті. Өйткені ақпарат толық жетпей қалуы мүмкін. Яғни монтаждың құрбаны болып кетуі мүмкін. Мен келістім. Олар "хабар күт" деп шығарып салды. Ол кезде 3 курс студентімін. Такси ұстап қайтып бара жатқам. Сол кезде әлгі кісі телефон соғып: "Бүгін Елбасының қабылдауына баратын болдық, артқа қайт" деді. Сонда мен таксиге: "Артқа қайтыңыз, Президентпен кездесем" дедім. Таксист маған сенбей күлді. Сөйтіп Елбасының қабылдауында болдым. Мен айтыста айтқан үзінділерді айттым. Елбасы бізді, біраз өнерпаздарды қабылдады. Елбасы бізді тыңдады. Құлмамбет пен Жамбыл айтысынан, Сүйінбай мен Қатаған айтысынан үзінділер сұрады. Егер ол айтысты білмесе бізден сұрамас та еді. Өте жақсы рухани кеш болды. Елбасы бізге сәттілік тілеп жақсы шығарып салды, - деді Жандарбек Бұлғақов.