ҰҚК-нің отставкадағы генерал-майоры Саят Мыңбаев өмірден озды

Oinet.kz 29-04-2021 985

Ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагері, отставкадағы генерал-майор Саят Мыңбаев қайтыс болды. Қаралы хабар туралы ҚР ҰҚК ақпарат таратты, деп хабарлайды Oinet.kz.

Саят Мыңбаев.jpg

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және "ҰҚК органдарының ардагерлері" РҚҚ басшылығы орны толмас шығын - ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагері, отставкадағы генерал-майор Мыңбаев Саят Мұхаметбайұлының қайтыс болуына байланысты отбасы мен достарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады, делінген хабарламада.

Саят Мыңбаев бұған дейін ҰҚК-нің әскери барлау департаментінің бастығы болғаны хабарланады. Ол - "Қазақстан темір жолы" АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Сауат Мыңбаевтың ағасы.

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 1 млн теңге жәрдемақы беріледі
​Түлкібас: Тұрғындар өтініші шешімін таппақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу