Атырау облысында 4 айлық сәбиді анасы пышақтап өлтірді

Oinet.kz 28-04-2021 1825

Атырау облысында төрт айлық баланы анасы пышақтап өлтірген, деп хабарлайды Ақ Жайық басылымы.

қаза сәби.jpg

Полиция мәліметінше, Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылының 41 жастағы тұрғыны 26 сәуірде баласын қатты жылағаны үшін өлтіргенін мойындаған. Ол сәбиге асүй пышағын бірнеше рет сұққаны хабарланды.

- Аталған факт бойынша 99-баптың 2-бөлігі 3-тармағына (Кінәлі адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамды өлтіру) сәйкес соталды тергеу басталды. Күдікті ұсталды, - деді Атырау облыстық полиция департаментінің басшысы Қамза Үмбетқалиев.

«1991 жылы еліміздің халқы үшін жаңа дәуірдің басы болды» - Елбасы
Қарапайым қызметкерлердің жалақысын көтеруді ұсынған депутат кім?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу