Жаңаөзенде анасы ұлын аяусыз сабаған

Oinet.kz 16-04-2021 1355

Жаңаөзенде анасы ұлын оңбай сабаған, баланың миы шайқалған. 9 сәуірде болған оқиға туралы Жаңаөзен полиция басқармасы баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды инАктау.

бала.jpg

Полицейлердің мәліметінше, ауруханаға түскен 16 жастағы жасөспірім туралы Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы полицейлерге хабар берген. Дәрігер медициналық анықтамада науқастың басына соққы жасалғандықтан, миы шайқалғанын жазған.

- Тергеу барысында Жаңаөзен ПБ кәмелетке толмағандар ісі бөлімінің қызметкерлері жасөспірімді анасы ұрып-соққанын анықтады, - деді жергілікті полиция бөліміндегілер.

Қазір жәбірленуші ауруханада емделіп жатыр, онымен психологтар жұмыс істейді. Кейін ол Ақтау қаласындағы бейімдеу орталығының біріне жіберіледі.

- Қалалық білім бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық қызметкерлері ананы ата-ана құқығынан айыру үшін құжаттар жинап жатыр, - деді басқарма өкілдері.

Өткен тәулікте 2656 адамнан коронавирус анықталды
Ақтау қаласындағы Rixos директорына 2 миллион теңге айыппұл салынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу