Алексей Цой ел өңірлеріне қанша вакцина жеткізілгенін айтты

Oinet.kz 12-04-2021 642

Өңірлерге 600 мың дозадан астам вакцина жеткізілді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

Алексей Цой.jpg

- 1 ақпаннан бастап өңірлерге 611 мың доза вакцина жеткізілді. Вакцина жеткізу бекітілген кестеге сәйкес кезең-кезеңмен жүргізіліп жатыр. Ертең өңірлерге кезекті 300 мың доза жеткізіледі, - деді министр Үкімет отырысында. 

Оның айтуынша, сәуір айында қосымша 1,4 млн дозаны жеткізу ескерілген.

- Бұл өз кезегінде сәуірде еліміздің 2 миллионға жуық адамын вакциналауға қолжетімдігін қамтамасыз етеді, - деді Алексей Цой.

Бейбіт Төреханов: Аурухана жөнделіп, жаңа емхана пайдалануға беріледі
Қазақстанда вакциналанған адамдар саны туралы мәлімет жарияланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу