Сенбілік жасамасаңыз жұмысыңызға қауіп төнуі мүмкін - Айман Сағидулла

Oinet.kz 10-04-2021

Танымал педагог Айман Сағидулла Facebook парақшасында мұғалімдердің сенбілікке шығуына қатысты пікір білдірді. Оның жазуынша, мұғалім сенбілікке шықпаса жұмысына қауіп төнуі мүмкін деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_1.jpg

Желі қолданушысы бұл постын әжуа стилінде жазған. 

- Біреуге жан қайғы ,біреуге сенбілік қайғы. Сенбілік туралы әр күні жазамыз. Оқымай ма? 

Сұраққа елдің алдында жауап берейін. Керек болар басқаларға да. 

Сенбілік мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі. Сенбілік жасамасаңыз жұмысыңызға қауіп төнуі мүмкін. Сенбілік заңда жазылған . Дипломыңызды ашып көріңіз. Екінші бетінің соңғы жағында "Сенбілікшіл-мұғалім "  деген жазу тұр. 

Сенбілікке қандай жұмыстар кіреді? 

1. Трассалардың қоқысын жинау.

2. Мектептің ауласын жинау.

3. Директордың кабинетін жинау.

4. Әкімнің үйінің ауласын тазалау. (Аудан, ауыл әкімдерінің)

5. Білім бөлімінің басшысының кабинетін жинау. 

Осы жұмыстардың бәрі сенбілікке кіреді. 

Сәттілік! Жалақы алып отырсыздар ма, жұмыс істеңіздер! 

Уот так. 

6 жыл бойы сенбілік туралы айтып жүрміз, айтып жүрміз. Әлі өз міндеттеріңізді үйренбей, сұрақ қойып отырсыздар.  Дипломды ашып көріңіздерші. Сол жерде мамандығыңыз жазылған, - деп жазды Айман Сағидулла.

«Дабыл! Мұғалімдердің арасынан өлім көбейіп жатыр» - Алматылық мұғалім
Танымал дінтанушы Қайрат Жолдыбай ақшаны қайдан алатынын айтты


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×