«Дабыл! Мұғалімдердің арасынан өлім көбейіп жатыр» - Алматылық мұғалім

Oinet.kz 09-04-2021

Елімізде ең алғашқылардың бірі болып мұғалімдердің де ковидке қарсы екпе салдырып жатқаны мәлім. Бүкіл ұстазымызға түгелдей екпе егілмесе де, бүгінге дейін вакцина салдырғаны аз емес. Алайда соған қарамастан, соңғы уақытта мұғалімдердің қазасы туралы ақпарат көбейіп жатқан көрінеді. Әлеуметтік желі парақшасында  осы мәселеге қатысты Алматы облысының мұғалімі Айман Сағидулла бүгін дабыл қағып, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке мектептерді жабуды сұрап жазба қалдырды. 

мұғалңім.jpg

- Дабыл!!! Мұғалімдердің арасынан өлім көбейіп жатыр. Кеше ғана бір мұғалім өмірден өтті. Иманды болсын! Асхат мырза! Мектептерді шұғыл жабу керек. Оқушылар мен мұғалімдердің амандығы керек. Еліміздегі барлық мектептерді. Халық аман болсын! - деп жазды Facebook қолданушысы. 

image.png

«Вакцина егуден басқа жол жоқ екенін үнемі айтып келемін» - Тоқаев
Сенбілік жасамасаңыз жұмысыңызға қауіп төнуі мүмкін - Айман Сағидулла


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×