Ринат Зайытов: Арманым – Қазақтың басын қосу

Oinet.kz 01-04-2021 1996

Мемлекеттік қызметке (ред. еск. – «Алатау» дәстүрлі өнер театры) кіріскеніне көп уақыт бола қоймаған белгілі ақын Ринат Зайытов «Ең алғашқы» бағдарламасына қонақ болып, ақтарыла сұхбат берді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_2.jpg

«Мемлекеттік қызметке келген себебім – пайдамды сөзбен емес, іспен тигізгім келді. Еңбек еткім келді. Сол кезде ұсыныс та түсе қалды. Абыройыма қазір адамдар түсінбегеннен нұқсан келуі мүмкін, алайда менің ойымдағы жұмысым орындалса, дегенімді істей алсам, шынымен қазақ

ұлттық өнеріне қалағанымдай еңбек ете алсам, ол абырой қайтып келетініне еш күмәнім жоқ. Бәріне уақыт керек» - дейді ақын.

Ринат Зайытов өзін айыптайтындардың көп екенін, тіпті жаңа қызметінде жұмыс сұрап келетін таныстарының баршылығын айтты.

«Мені жұмысқа ала ғой дейді. Жұмысқа ала алмайтынымды айтсам, адамдар ренжиді. Былтырғы жылға дейін өзім де көп адамды айыптайтынмын, әр нәрсеге кінәлі іздейтінмін. Ал қазіргі арманым – Алла қанша ғұмыр берсе, қалған ғұмырымда тек қана қазақтың басын қосу. Біздің қазақ ұлты ешқашан бөлінбеген, бір-біріне кешірімшіл болған. Әулеттің ішінде біреу қисық болатын болса, оны өздері тезге салып, түзетіп алатын, өте терең, өте мықты ұлт екенін қайта көрсеткім келеді бәріне. Ең болмаса, өзім арқылы», - дейді Ринат Зайытов.

Динара Сәтжан еркексымақтарды қатаң сынға алды
Өткен тәулікте 2077 адамнан коронавирус анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу