Қытай Қазақстан жеріне 56 кәсіпорын салмақшы

Oinet.kz 05-03-2021 2120

1 наурызда Қазақстан сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев пен Қытай коммерция вице-министрі Ван Шоувэн кездесті. Бұл туралы сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақ және қытай инвестиция.jpg

Ведомство мәліметінше, қос тарап Қазақстан-Қытай "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін үйлестіру тетігінің 2-отырысына дайындық бойынша келіссөздер жүргізген.

Қайрат Төребаев Қазақстан мен Қытайдың сауда-экономикалық қатынастары қарқынды сипатқа ие екенін атап өткен.

– Қытай Қазақстанның ең ірі инвесторларының бестігіне кіреді. Қазақстанға құйылған барлық инвестицияның 4,7 пайызын құрайды. 2005-2020 жылдар аралығында Қытай Қазақстанға 19,2 млрд доллар инвестиция құйды. Индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық бағдарламасы аясында 24,5 млрд долларға 56 заманауи кәсіпорын салу жоспарланып отыр. Бұл нысандардың басым бөлігі 2023 жылға қарай аяқталады деп күтілуде, – деді Қайрат Төребаев.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының Қазақстан аумағында жалпы сомасы 110,37 млрд теңгеге 29 инвестициялық жобаны іске асыру бойынша 24 инвестициялық компания өз қызметін жүзеге асырып жатыр. Шамамен 30 000 шаршы метрі пайдалануға берілді, 1 жоба 100 пайызға іске асырылды. 12 жоба бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде, ал қалғандары жобаланып жатыр.

Бүгін ұлт зиялысы Әлихан Бөкейхановтың туған күні
Бір жарым жасар қызды айдалада анасы өлтірген: Сүйегі табылмады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу