«Ей, Нұрсұлтан кім едің?» - белгілі айтыскер не қалайтынын айтты (видео)

Oinet.kz 18-02-2021 1115

Белгілі айтыскер Айбек Қалиев ел арасынан Бұқар, Махамбет сияқты ханға сөзін өткізе алатын адам шықса деп армандайтындығын жеткізді. Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлына берген сұхбаты барысында айтты. 

Қалиев.jpg

Журналистің: "Ей, Нұрсұлтан кім едің деп айтатын, 

Бар Қазақтан бір Бұқар табылмай тұр дедіңіз?" Қазір Бұқар бар ма бізде? - деген сауалына айтыскер өз жауабын берді. 

- Жоқ. Сөйтіп айтатын Бұқар сол Нұрекеңнің замандастарының арасынан, сол кісіден үлкендеу кісілерден күтетін едім. Солардан шығу керек еді. Себебі, өткен жолғы айтыста Мұхтар айтты ғой қарсыласы "Нұр Отанның" сьезінде сөйледің сонда неге елдің мұңын жеткізбедің деп. Сонда Мұхтардың айтқаны бар ғой "сексендегі кісіге секірем бе?" - деп. Мысалы үшін айтайын енді дәл осы "Хан емессің қасқырсың", "Ей, Нұрсұлтан кім едің!?" дегендер бар. Кейде ойлайтыным Махамбеттің Жәңгірге олай айтатын жөні ол Жәңгірдің тәрбиешісі болған. Орынборда оқып жүргенде өзінің қолында өскен. Абылайға Бұқардың айту себебі Абылай Бұқардан кіші. Ол енді қалай өскенін, қалай өнгенін көрді. Кейде маған да айтады көрермендердің пікірін неге айтпайсың қасқайып тұрып. Олай айтайын десем мен ес біліп етек жинаған кезде бұл кісі Президент. Мен армандаймын өз замандастарының арасынан Бұқар, Махамбет сияқты "Ей, Нұрсұлтан кім едің?" деп айта алатындай адамдар шықса. Ей, Нұрсұлтан демесе де қиысып, асып тасып бара жатқан жерлерін түзеуге бір кісілер зиялы қауым арасынан шықса деп армандайтын едім - дейді Айбек Қалиев. 

АҚШ-та Дональд Трампқа тиесілі болған 39 қабатты қонақ үй жарылды (видео)
Жүсіп ата кесенесі аумағында Сапар орталығы бой көтереді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу