Ринат Зайытов жаңа қызметке тағайындалды

Oinet.kz 08-02-2021 5975

Қазақстандық белгілі айтыскер ақын Ринат Зайытов Алматыдағы "Алатау" дәстүрлі өнер театрының директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Oinet.kz.

Ринат Зайытов.jpg

Ринат Зайытов 1983 жылы 17 қараша айында Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында дүниеге келген. Қазақтың айтыскер, суырып-салма және жазбаша ақыны, драмалық актер, филолог.

М. Төлебаев атындағы музыка колледжінің «Драмалық театр актері» мамандығы бойынша тәмамдаған. Семей Мемлекеттік педагогикалық институтында филолог мамандығын алып шықты. «Тазша бала» атты жас сықақшылар республикалық конкурсының жеңімпазы (2001 жыл).

Телевизиядағы алғашқы қадамы Семей қаласының жергілікті каналындағы «ТТТ» әзіл-сықақ бағдарламасымен басталған.

Ол 2001-2008 жылдар арасындағы аймақтық, республикалық және халықаралық айтыс додаларының жеңімпазы. 2008-2010 жылдар аралығында республикалык айтыстағы дүлдүл жеңімпазы.

Аягөз ауданының құрметті азаматы; «Астана қаласының дамуына қосқан үлесі үшін» медалінің иегері.

Бос уақытында бильярд, футбол ойнап, аңшылыққа шыққанды ұнатады. Сүйікті фильмі - «Однажды в Мексике» болса, Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы – сүйіп оқыр кітабы болып табылады.

«Қазақстанды тастап шетелге көшіп жатқандардың бәрі сатқындар» - Сәуле Әбілдаханқызы
Соңғы тәулікте қанша адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу