Мәскеуде Навальныйдың соты өтіп жатыр

Oinet.kz 02-02-2021 883

Мәскеуде Алексей Навальныйдың соты өтіп жатыр. Сотта шартты мерзімді алып тастау және оны нақты мерзімге ауыстыру мәселесі қарастырылып жатыр, деп хабарлайды РИА Новости.

сот Навальный.jpg

"Преображенская площадь" метро бекетінің жанында Росгвардияның бірнеше көлігі мен полицейлер тұр. Ерекше мақсаттағы милиция жасағының сарбаздары сотқа кіретін жолды жауып тастады. Тек сот қызметкерлері мен сол ауданда тұратындарды кіргізіп жатыр. 

Mash Telegram-арнасының мәліметінше, сотқа шетелдік елшілік өкілдері де қатысып жатыр. Ғимарат алдында дипломатиялық номеры бар бірнеше көлік тұр. Олар мына елдерге тиесілі: АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Польша, Дания, Латвия, Литва, Швеция, Германия, Австрия, Чехия, Жапония, Финляндия, Норвегия және Болгария.

Сот залында Навальныйдың әйелі Юлия да отыр. 

Жалпы Навальныйдың сот отырысына 15 елшілік қызметкері мен 80 ресейлік және шетелдік журналист қатысады деп болжанған. 

Сот әлі жалғасып жатыр. 

«Қазақстанды бізден ажыратып алмақ» - ресейлік депутат
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай патриоттық клип түсірілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу