«Вакцинация арқылы ғана пандемияға тосқауыл қоюға болады» - Мәулен Әшімбаев

Oinet.kz 27-01-2021 1380

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев вакцинация арқылы ғана пандемияға тосқауыл қоюға болатынын айтты. Бұл туралы facebook парақшасында жазды. 

Мәулен Әшімбаев.jpg

Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында талқыланған мәселелер турасында сөз қозғап, Президент тапсырмаларының маңызына тоқталып өтті. 

- Президентіміз қазақстандықтардың нақты табысын арттыру, шағын және орта бизнесті қолдау, экономикалық өсуді қамтамасыз ету мәселелеріне баса мән берді. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Кемелұлы мемлекеттік шығындарды оңтайландыру, азаматтардың өтініштерін қараудың тиімділігін арттыру және интернеттің сапасы мен жылдамдығына қатысты мәселелерді шешу жұмыстары бойынша тапсырмалар берді - дейді Сенат Төрағасы. 

Сондай-ақ, Сенат төрағасы қазіргі таңда қоғамда талқыланып жатқан вакцинациялау мәселесі туралы сөз қозғады. 

- Осы ретте Денсаулық туралы кодексті қабылдау кезінде сенаторлар емдеуден және профилактикалық екпелерден бас тарту мүмкіндігі туралы түзетулер енгізгенін атап өткен жөн. Сондықтан әлеуметтік желілерде айтылып жүрген кейбір пікірлерге байланысты Қазақстанда вакцина егуді мәжбүрлі түрде жүргізу мүмкін еместігін айтқым келеді. Алайда, тек вакцинация арқылы ғана пандемияға тосқауыл қоюға болатынын түсінуіміз керек. Тарихта мұндай жағдай алғаш рет болып отырған жоқ. Індет жайлаған кезеңдерде вакцина адамзатты бірнеше рет аман сақтап қалды. Сондықтан қазір таңдау жасауымыз қажет. Қанша уақытқа жалғасатыны белгісіз, үлкен әлеуметтік салдары бар карантиндік шектеулерді әрі қарай күшейткен дұрыс па, әлде жаппай вакцинациялау арқылы ұжымдық иммунитет қалыптастырып, қалыпты өмірімізге қайта оралғанымыз жақсы ма? Жауап әркімге түсінікті болар. 

Вакцинациялау - мәжбүрлі шара емес. Бірақ, тұтас халықтың денсаулығын сақтау тұрғысынан өте маңызды қадам. Сондықтан мемлекеттік аппарат пен қоғамдық институттар бұл бағытта түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізуге тиіс - дейді Мәулен Әшімбаев. 

Депутат Асқар Маминге зейнет жасын 60 жасқа дейін төмендетуді ұсынды
Түркістан облысында төселген жолдардан 2020 жылы 114 бұзушылық анықталған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу