«Мені ешкім депутаттықтан айыра алмайды» - Ермахан Ибраимов (видео)
Танымал боксшы Ермахан Ибраймов депутаттық бес жылында тек халықтың сөзін сөйлеуге дайын екендігін жеткізді. Бұл туралы ол ASSYLTAS TV ютуб арнасына берген сұхбатында айтты.
- Адамда қандай проблема бар, бәрін ашық түрде айта алатын депутаттар келді. Сондықтан, мен оған сенемін және өзім сондай бағытта жұмыс істеймін. Билікке сөз тиіп кетеді-ау, иә болмаса адал қызмет жасауға дайынмын. Қазір "Нұр Отан" партиясы тиіп кететін сөз айтып жіберсем, мені алып тастайды-ау деген ой жоқ. Бес жылға мені тағайындады. Бес жыл мені ешкім осы депутаттықтан айыра алмайды. Сондықтан мен бес жыл бойы халық не айтады, соны орындауға дайынмын - дейді Ермахан Ибраимов.
Еске сала кетейік, Ермахан Ибраимов биыл Алматы қаласы мәслихатының депутаты болып сайланған болатын.