Әлемге танымал журналист Ларри Кинг дүние салды
Тек Америкаға емес, бүкіл әлемге танымал тележүргізуші, журналист Ларри Кинг 87 жасында дүниеден озды.
Ларри Кинг РФ Президенті В.Путинмен
Тележүргізуші бүгін Лос-Анджелестегі ауруханалардың бірінде қайтыс болды. Қаралы хабар марқұмның Twitter-аккаунтында жарияланды.
Тележүргізушінің неден қайтыс болғаны айтылмаған. Бірақ, бірқатар БАҚ-тың мәліметінше, ол коронавируспен ауырған.