Мәскеуде Навальныйдың жақтастары ұсталды

Oinet.kz 22-01-2021 988

Мәскеуде оппозиционер Алексей Навальныйдың жақын серіктестері: Жемқорлықпен күрес қорының (ЖКҚ) заңгері Любовь Соболь, ЖКҚ қызметкері Георгий Албуров, саясаткердің баспасөз хатшысы Кира Ярмыш ұсталды, деп хабарлайды "Коммерсант".  

Навальный.jpg

Ярмышты үйінде ұстаған. Ол қорғаушысы келгенше полицейлерге есік ашудан бас тартқан. 

- Бүгін менімен танысуға келді. Шамамен күндізгі сағат 12-лерде. Жарты сағаттан кейін есігімнің алдына келіп, алдын ала ескерту жасайтынын айтты. Оны тыңдаудан бас тарттым. Содан соң полиция мені күтті... қаншама сағат - деді ол "Дождь" арнасына.

Ярмыш 23 қаңтарда рұқсат етілмеген акцияға қатыса алмауы мүмкін екенін атап өтті.

- Күмәнданып отырмын ("Ъ" акциясына қатысамын деп), біздің ішімізден ешкім бармасын деп бәрін жасап жатыр және сондықтан тағы айтамын: бәріміз міндетті түрде келуіміз керек, - деді Алексей Навальныйдың баспасөз хатшысы.

Албуров Ленинград вокзалында ұсталды. Кейін ол Twitter желісінде Красносельский ауданы бойынша ішкі істер бөліміне жеткізілгенін жазды.

Сондай-ақ, полиция 21 қаңтарда заңгер Любовь Собольді ұстады. ЖКҚ-ның тағы бір заңгері Владлен Лоске Ресейден 25 қаңтарға дейін кетіп, 2023 жылдың 27 қарашасына дейін елге кіруге тыйым салынғаны туралы хабарлама алған.

Басылым мәліметінше, полиция Алексей Навальныйдың елдің басқа аймақтарындағы штабтарының қызметкерлері де ұсталып жатыр.

Ресейде TikTok, YouTube, "ВКонтакте", Facebook, Twitter және Instagram желісінде кәмелетке толмағандарды жаппай наразылық шараларына шақырып, ақпарат таратқандарға айыппұл салынатыны хабарланды, деп жазады РИА Новости. Мұндай хабарлама таратқан сайт немесе ақпарат ресурсының иелеріне 800 мың мен 4 миллион рубль аралығында айыппұл салынады.

22 жастағы келіншек 3 жасар қызын өлімші етіп сабаған
Сауда және интеграция министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу