22 жастағы келіншек 3 жасар қызын өлімші етіп сабаған
Петропавл қаласында 22 жастағы келіншек үш жастағы қызын өлімші етіп сабап тастады, деп хабарлайды Oinet.kz Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Қатты соққыдан бала тіпті есінен танып қалған. Бүлдіршінді дереу облыстық ауруханаға жеткізіпті. Дәрігерлер оның ауыр дене жарақаттарын алғанын айтады. Қазір осы іске қатысты тергеу амалдары басталды. Полиция оқиғаның жай-жапсарын анықтап жатыр.
– Күдікті уақытша изоляторға қамалды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Оның бұл қадамға не үшін барғанын анықтап жатырмыз. Осыған дейін 22 жастағы келіншек құзырлы орындардың күдігіне ілікпеген - дейді облыстық ПД тергеу басқармасы бастығының орынбасары Азат Құсайынов.