Ақтауда төртем дүниеге келді (видео)

Oinet.kz 21-01-2021 4252

Ақтауда төртем дүниеге келді. Бұл соңғы 30 жылда болмаған оқиға. 1 ұл мен 3 қыз осыдан бір ай бұрын туды, деп хабарлайды Oinet.kz  Qazaqstan ұлттық арнасына сілтеме жасап.

төртем.jpg

Шақалақтардың салмағы 1 келіден сәл-ақ асатын. Дәрігерлердің күтімінің арқасында нәрестелер жетіліп, жағдайлары жақсарды. Бүгін олар бірге перзентханадан шықты. Бұдан бөлек, былтыр Ақтауда 2 үшем, 147 егіз дүниеге келді.

Төртемнің біреуі 1 келі 390 грамм болса, ең кішісінің салмағы - 1 келі 190 грамм. Шақалақтар күш жинағанша 36 күн бойы дәрігерлерінің жіті бақылауында болды. Ата-анасы нәрестелерді Расул, Фанара, Айла және Нарин деп атады.

- Тұрмысқа шыққаныма 4 жыл болды. Бала сүйе алмаймын ба деп қорқатынмын. Енді міне, бірден 4 сәбилі болдым. Қуанышымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын - деді төртемнің анасы Самира Гасанова.

Джо Байден АҚШ-тың президенті атанды
Маминге төменгі жалақы туралы сұрақты төтесінен қойған Паяев шын мәнінде кім?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу