Президент сегіз министрліктің жауапты хатшыларын қызметінен босатты

Oinet.kz 19-01-2021 1228

Жауапты хатшылар институтының таратылуына байланысты Тоқаевтың өкімімен сегіз шенеунік қызметінен босатылды, деп хабарлайды Oinet.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тоқаев.jpg

Жанат Мұратұлы Қожахметов – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы;

Марат Әбілахатұлы Оразаев – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы;

Қанат Маратұлы Сәрсембаев – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы;

Аида Дәденқызы Құрманғалиева – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы;

Айдын Жұмабекұлы Ашуев – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы;

Жәнібек Мақсұтұлы Нөпіров – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің жауапты хатшысы;

Арман Дайырұлы Жұмабеков – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы;

Талғат Амангелдіұлы Момышев – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы қызметтерінен босатылды.

Әсет Ерғалиев Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды
Қуат Хамитов мәлімдеме жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу