Әсет Ерғалиев Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды

Oinet.kz 18-01-2021 904

Әсет Ерғалиев ұлттық экономика министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Әсет Ерғалиев.jpg

"Әсет Арманұлы Ерғалиев – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі", - делінген Ақорда жариялаған Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы Жарлықта.

Бұған дейін Ерғалиев ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып қызмет еткен. Ұлттық экономика министрі қызметінде оған дейін Руслан Дәленов болған. Ол бұл қызметке 2019 жылдың ақпанында тағайындалған еді.

Әсет Ерғалиев Қазақстандық менеджмент, экономика және болжамдау институтының (КИМЭП) мемлекеттік саясат экономика саласында бакалавр дәрежесінде үздік тәмәмдады (Алматы, Қазақстан). Халықаралық Йонкопинг бизнес мектебін халықаралық экономика саласында ғылым бакалавры дәрежесімен (Jönköping University, Швеция), Йорк университетін экономикадағы ғылым магистрі дәрежесімен (University of York, Ұлыбритания), Ноттингем университетін экономикадағы философия магистрі дәрежесімен (The University of Nottingham, Ұлыбритания) аяқтады.

Әсет Ерғалиев Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінің PhD докторы дәрежесін иемденген (Лондон, Ұлыбритания). Еңбек жолын Лондондағы Еуропалық даму және қайта құру банкінің (ЕДҚБ) Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия бойынша экономика департаментінің аумақтық экономисті ретінде бастаған.

2013 жылғы қаңтардан бастап 2016 жылғы маусым аралығында "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Кәсіпкерлікті дамыту орталығының директоры, басқарма төрағасының орынбасары, басқарма төрағасы лауазымдарын атқарған. 2016 жылғы желтоқсаннан бастап 2017 жылғы шілде айына дейін Қазақстан Республикасы премьер-министрінің кеңесшісі болып қызмет істеген.

2017 жылғы тамыздан бастап Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесінің Жобалауды басқару орталығында жұмыс істеді. Вице-министр қызметіне тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесінің Жобалауды басқару орталығының меңгерушісі қызметін атқарды.

2019 жылдың тамызында ол ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалған еді.

«Елбасының құрметіне ескерткіш орнатуды ұсынамын» - Балтабек Нұрғалиев (видео)
Президент сегіз министрліктің жауапты хатшыларын қызметінен босатты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу