Ермахан Ибраимов Елбасы Назарбаевқа не үшін риза екенін айтты
Сидней Олимпиадасының чемпионы, боксшы Ермахан Ибраимов Аман Тасығанға берген сұхбатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы пікір білдірді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Сидней Олимпиадасындағы жан тебірентерлік сәт
Боксшы Елбасының Қазақстан халқына сіңірген еңбегі зор екенін айтты.
- Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үшін мен көптеген сайлауларда жүрдім. Сол кісінің Президент болуы үшін "Нұр Отан" партиясының мүшесі болып әлі күнге дейін жүрмін. Менің Елбасына рахметім ерекше! Бірінші кезекте ол Қазақстанның шекарасын 100 пайыз анықтап берді. Қазақстанда бейбітшілікті сақтады. Сол үшін ғана біз Нұрсұлтан Назарбаевқа рахмет айтуымыз керек, - деді Олимпиада чемпионы.
Еске сала кетейік, Ермахан Ибраимов 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1996 жылғы Атланта Олимпиадасының қола жүлдегері. 2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиадада финалға жетіп, қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, қазақ халқын алтын медальмен қуантты.