«Халық өткен 30 жылға риза емес» - Мұхтар Тайжан (видео)
Қазақстандық белгілі кәсіпкер Мұхтар Тайжан «Нұр Отан» партиясы алған 70%-дан аса дауыс шындыққа жанаспайтындығын жеткізді. Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлына берген сұхбаты барысында айтты, деп хабарлайды Oinet.kz.
- Меніңше «Нұр Отан» 70% алуы тым көп. Меніңше, шын мәнінде 40 бәлкім 45% алды деп ойлаймын. Шын мәнінде. Өйткені, жұрттың көңілі белгілі. Бүгінгі таңда, осы өткен 30 жылға риза емес. Сондықтан 70% алуы мен үшін ол шындыққа жатпайды - деді Мұхтар Тайжан.
Журналистің: "Нұр Отан" бұрынғы сайлауға қарағанда 10 процент аз дауыс жинады, бұл қандай сигнал?" - деген сауалына өз жауабын берді.
- 10% мен үшін тым аз. Меніңше, 30-40% кем болуы тиіс негізі. Көрерміз. Мүмкін ар-ұят пайда болды ма!? - деді қоғам қайраткері.