Шымкент: Мәслихатқа өткен партиялар белгілі болды

Oinet.kz 12-01-2021 673

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаев баяндады.

image.png

– Мәслихат депутаттарының кезекті сайлауында Шымкент қаласы Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандық сайлау комиссияларының нәтижелері негізінде 348 644 адам дауыс берді. Бұл азаматтық таңдаудың қорытындысына сүйенсек, депутаттық мандаттарды бөлу барысында 7 пайыздан асқан «Nur Otan» (78,63%), «Ауыл» ХДПП (9,44%) және «Ақ жол» ҚДП (9,60%) партиялары мәслихатқа өтті, – деді Қайырбек Көбекұлы. 

Спикердің сөзінше, Шымкент қаласы бойынша партиялар арасында «Нұр Отан» партиясына 24 мандат, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясына 3 мандат және «Ақ жол» демократиялық партиясына 3 мандат бөлінді.

Айта кетейік, мәслихат депутаттарының тізімі бүгінгі жарияланған қорытындыдан соң, 5 күн ішінде белгілі болады. 

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Фото – Береке Сейітжаппар

«Халық өткен 30 жылға риза емес» - Мұхтар Тайжан (видео)
ІІМ қазақстандық жүргізушілерге маңызды үндеу жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу