«Тоқсан сайын студенттермен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылаймыз» - Асхат Аймағамбетов

Oinet.kz 28-12-2020 1044

Еліміздің білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Студенттік кеңестің алғашқы отырысына қатысты, деп хабарлайды Oinet.kz. Бұл туралы министр Facebook парақшасында жазды. 

Асхат Аймағамбетов.png

- ҚР БҒМ жанынан құрылған Студенттік кеңестің алғашқы отырысы өтті. Бір ай бұрын студенттермен кездесу кезінде министрлік жанынан Студенттік кеңес құрылатынын айтқан болатынмын. Оның құрамыда әрбір ірі ЖОО-ның студенттері арасынан бір көшбасшы және республикалық жастар ұйымынан бір көшбасшы болады. ЖОО атынан қабылданған көшбасшылар студенттік өзін-өзі басқару органдарының төрағалары болуы керек.

Студенттер мәселелері жөніндегі Кеңестің отырыстарында біз жастардың бастамаларын дамытуға және студенттерді қолдауға қатысты сұрақтарды, БҒМ құзыретіне кіретін барлық мәселелерді бірге талқылайтын боламыз. Көшбасшылар маңызды мәселелерді көтеріп, бізге өз идеяларын тікелей бағыттауға мүмкіндік алады. Республикалық Кеңестің әр жиналысына өзім қатысамын және біз сұрақтарды талқылап, бірге шешім қабылдайтын боламыз. Белгіленген алғашқы отырыста біз жастармен танысып, болашаққа жоспарларды талқылап, жүйелі түрде өзара жұмыс жүргізуге келістік.

Өз кезегімде жастар ұйымдары мен ЖОО көшбасшыларына атқарылып жатқан жұмыстар туралы айттым. Олар: шәкіртақыны арттыру, оқыту сапасына қатысты мәселелер, ЖОО-ларды оңтайландыру, студенттік жатақханалар салу және т. б. Студенттер мәселелері жөніндегі Кеңестің келесі отырысын Жаңа жылдың қаңтар айында өткізуді жоспарлап отырмыз. Біз жастармен ең өзекті мәселелерді талқылап, оларды шешудің нақты стратегиясын жасаймыз. Мұндай кездесулер әр тоқсан сайын өткізілетін болады - дейді Асхат Аймағамбетов. 

ХХІ ғасырдың үздік футболшысы аталды
Дина Төлепберген орнына келген жүргізушіні таныстырды (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу