Ауыз суға тәуелсіздік алғалы 540 млрд. бөлінген

Oinet.kz 22-04-2019 870


 67AA2005-EB19-4F7A-9FC5-5F634B313EDC_w1023_r1_s.jpg

Қазақстанда ауылдардың 95 пайызы дотацияда немесе бюджеттерден алынған трансферттермен қаржыландырылады. Бүгін Сенат депутаттарының орталық атқарушы және жергілікті өкілетті органдардың басшыларымен кездесу барысында Сенат спикері Дариға Назарбаева осылай деп айтты.  

-Бұл дегеніңіз жыл сайын 98 миллиард теңгеге жуық қаржы. Ал нәтиже қандай? Ол адамдардың тұрмыс деңгейіне оң әсері етті ме? Жұмыс орны көбейді ме? Әлде сол қаржы құрдымға кетті ме? Неліктен кейбір жерлерде сұраныс болмаса да көпқабатты үйлер немесе  сәулетті мектеп ғимараты салынып жатыр? Шынына келгенде сол өңірде үш ауысымдағы мектептер аз емес. Өңірлерді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін тәуелсіздік алғалы 540 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды. Бірақ, көптеген елді мекендерде халық таза ауыз суға қол жеткізе алмай келеді. Осы ауыз су бағдарламасы "Бермуд үштағаны" сияқты, қаржы жұмбақ жолмен жоғалып кетеді. неліктен? - деді Дариға Назарбаева.  

 WhatsApp Image 2019-04-15 at 09.38.39.jpeg

Порошенко сайлауда жеңілгенін мойындады
Назарбаев Президент сайлауына Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу