Балжанның ата-енесімен, Жаханның қайын жұртымен түскен фотосы көпшілікті сүйсіндірді
Жақында ғана танымал әртіс Жахан Отарғалиев пен әнші Балжан Бидаш шаңырақ көтерген болатын. Сүйіктісіне қол жеткізген Жахан оны құрылысы бітпеген үйіне алып келген еді.
Қазіргі таңда жұлдызды жұп тату-тәтті бақытты ғұмыр кешіп жатыр. Олар Instagram желісінде отбасылық өмірлерін жиі жариялап, оқырмандарын қуантып отырады. Жақында Балжан Бидаш желіде ата-енесімен түскен фотосын жариялады.
"Ата-анамызды разы ету үшін , бақытты жүру үшін бәріне тырысамыз!
Ата-аналарыңызды қуантып, көп күттірмей, үйленбегендер үйленіп, күйеуге шықпағандар шығып, бірге жасаңыздар бәрін!
Мен әкеме ұқсағанмын, ал Жахан мамаға ұқсаған! Солай ма" - деп жазды.
Оқырмандар Балжан Бидашқа жылы лебіздерін білдіріп, жүрекжарды пікірлерін жаудырды.