Қазақта қазір осындай келін бар ма?

Oinet.kz 26-12-2020 1975

Келін.jpg

Найман келіні Ақсұлудың оқиғасы

 Ел тарихы бойынша қазақтың Орта жүзінен: Арғын, Найман, Қоңырат, Қыпшақ, Уақ, Керей деген 6 ұл туып, олардан 6 тайпа ел тарапты. Солардың ең үлкені Арғында 6 ұл, Найманда 7 ұл болған екен. Бірақ Найманның 6 ұлы жастай өліп, Тоқпан деген жалғыз ұлы қалыпты. Оған Баба мырзаның қызы Ақсұлуды алып береді. Бірақ Ақсұлу келін болып түскеннен кейін көп ұзамай Тоқпан қайтыс болады. Сөйтіп Ақсұлу 18 жасында жесір қалады. Найман атасының: " Ұрпағым үзілді-ау" -деп зар жылаған қайғысын күнде естіп, Ақсұлудың қабырғасы қайысады екен. 

Он екі ай өтіп, Тоқпанның жылы беріледі. Жылы өтісімен, Арғынның алты ұлы Ақсұлуға кезек-кезек кісі салады. Əмеңгерлік жолымен біреуімізге тисін, -деп дікеңдей бастайды. Сонда Ақсұлу олардан келген жаушыларға былай деп жауап береді: -"Атам сексеннен асып, тоқсанға тірелді, төрінен көрі жуық атамды жалғыз тастап кете алмаймын. Қазасы жеткен күні ақ жуып, арулап, қолымнан аттандырамын. Оған дейін бұл босағаны аттап ешқайда кетпеймін. Менің Алла алдындағы антым осы"- дейді. Осылай деп Ақсұлу 6 əмеңгердің əрқайсысына 6 қысырақтың үйірін айдатып қоя береді. Əмеңгерлер біраз бөгеліп қалады. Осы кезді пайдаланып, Ақсұлу төркіндеп, өзінің еліне барады. Сол сапарда Ақсұлу өз елінің белгілі бір биінің қызына құда түседі. Оның қалынмалын төлеп, елге алып келеді. Келген соң некесін қидырып, атасы Найманға қосады ғой. 

 2-бөлім

Ол қызға : "Бұл менің Қыз енем деп, Қызеней деген атайды . Ақсұлу Қыз енесіне мынандай маслихат айтады-" Ұлы сөзде ұят жоқ. Еркектің қуаты сыртында болады. Атамның арқасынан, алдынан құшақтап, қызуыңды өткіз. Сонда бізге Құдай Тағала бір ұрпақ берер"- дейді. Атасына қысырдың тайының етін жегізіп, өз қолымен тоқты сүтінен жасалған құрт езіп, ішкізіп отырады. Бұның бəрі қайын атасының күш- қуатын аттыра түседі. Қызеней Ақсұлудың айтқанын орындап, Найманнан екіқабат болып, ұл табады. Ақсұлу атамнан қалған жалғыз белгі ғой деп, атын "Белгібай" қояды. Белгібай 1 жасқа келгенде,  90-нан асқан Найман қарт дүниеден өтеді. Ақсұлу үш жүзге сауын айттырып, атасының жылын өткізеді. Найман қарттың жылы өткеннен кейін, Арғын балалары Ақсұлуға қайтадан қыдыңдай бастайды.- "Атаң өлді, жылын бердің. Енді біреумізге ти"- деп үзілді-кесілді талап қояды. Əсіресе, Арғынның Алтай деген ұлы,  елге атағы жайылған ақылды əрі сұлу келіншектің қыр соңынан қалмайды. Ол қайтсем де Ақсұлуды алам деп ант беріп, оны күшпен көшіріп əкетпек болады. Екі елдің арасы дауға айнала жаздайды. Осы кезде төркіндеріне кісі салып, жағдайын жеткізеді.- "Мен Найман атамның ұрпағын өсіруге тиістімін. Сондықтан Арғын ата балаларынан басыма бостандық əперіңіз " - деп өтінеді. Сөйтіп Ақсұлу басына еркіндік алады.  Содан кейін Ақсұлу Белгібайды Қызенейге еміздіріп, өзі бағып қағады. Ер жеткізеді.Белгібай 17 жасқа толғанда, 37 жастағы Ақсұлу некесін қидырып, Белгібайға жар болады. Одан екі бала табады. Содан кейін :- " Менің жасым ұлғайды, атамның ұрпағы аз, сол көбейсін"- деп енді Белгібайға өзінің сіңлісі Тоқсұлуды алып береді. Онан кейін бір бидің қызы Ақбаршаны алып береді. Белгібайдың осы 3 əйелінен Найман ұрпағы көбейіп, Арғын ұрпағымен жарыса өседі, жер қайысқан ел болып қалыптасады. Сөйтіп, бір əйелдің асқан ақылдылығының арқасында Найман атаның ұрпағы үзілмей, аман сақталып қалған екен дейді.

Міржақып Дулатұлының Жалау Мыңбайұлына жазған хаты
Түнде не үшін суға баруға болмайды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу