Үндістанда белгісіз ауру тарап жатыр

Oinet.kz 07-12-2020 959

Үндістанның Элуру қаласында үш жүзге жуық адам белгісіз ауруды жұқтырды, деп хабарлайды The Hans India.

Үндістанда белгісіз ауру тарап жатыр.png

Дәрігерлердің айтуынша, Андхра-Прадеш штатының Элуру қаласындағы науқастардың жүрегі айнып, кейбірі тіпті есін жоғалтқан.

Мемлекеттік аурухананың медициналық қызметкерінің айтуынша,  науқастар, әсіресе балалар жүрегі айнығанын айтқан. Біреулерінің сіңірі тартылып қалған.

Енді Үндістан билігі белгісіз аурудың себебін анықтамақ. Айта кетейік, осы белгісіз дерт салдарынан 140 науқас ауруханаға жатқызылған. Ал жұқтырғандар саны - 300.

Сондай-ақ, тағы бір науқастың қайтыс болғаны айтылады.

Штаттың денсаулық сақтау министрі Кришна Сринивас қан сынамаларынан вирус инфекциясы анықталмағанын айтты.

Цой келесі жылы вакцина кімдерге тегін болатынын айтты
Полициядан қашқан адам бір күннен соң өлі күйінде табылды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу