Үндістандықтар сиыр көңін коронавирусқа қарсы дәрі ретінде қолдануда
Үнді дәрігерлері сиыр көңін коронавирусқа қарсы «дәрі» ретінде пайдаланып отыр. Мамандар халықтың басқа да жұқпалы ауруларға шалдығу қаупі бар екенін ескертті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Үндістанда вирус жұқтырғандар саны күн санып өсіп жатыр. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 23 миллионнан астам адам Covid-19-ды жұқтырып, 250 мыңнан астам адам қайтыс болған. Күніне орта есеппен 330 мың адам ауырады.
Қазіргі таңда елде ауруханалар мен дәрі-дәрмектер жетіспеуде. Сол себепті көптеген адам сиыр көңін қолданып, "дәстүрлі" медицинаға жүгінуге мәжбүр.