Қазақстандық дәрігерлердің жалақысы қанша?
Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерінің орташа есеппен қанша табыс табатыны туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтау басқармаларының деректері бойынша ауруханаларда дәрігердің орташа жалақысы 301 мың теңгені, емханаларда - 238 мың теңгені құрайды.
Бұл ретте медбикелердің орташа жалақысы - 185 мың теңге, емханаларда - 168 мың теңге болды.
Ал жедел медициналық жәрдем дәрігерлерінің орташа жалақысы - 310 мың теңге.