Бүгін ақын, жазушы Сапарғали Бегалиннің туған күні

Oinet.kz 24-11-2020 1210

Осыдан 125 жыл бұрын (1895-1983) қазақ балалар әдебиетінің негізін салушылардың бірі, ақын, жазушы, аудармашы Сапарғали Ысқақұлы Бегалин дүниеге келді. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында туған. 

image.png

1915 жылы Семей қаласындағы орыс-қырғыз (қазақ) училищесін бітірген. 

1929-1935 жылдары Дегелең облыстық атқару комитетінің төрағасы, Қарқаралы уездік атқару комитетінің мүшесі, бөлім меңгерушісінің орынбасары, аудандық халық судьясы болды. Қазақ егіншілік халық комиссариатында, Түрксіб басқармасында жауапты жұмыстар атқарды. 

1935-1960 жылдары «Теміржолшы» газетінде, Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтында, Қазақстан Жазушылар одағында әр түрлі қызметтер атқарған. Алғашқы өлеңі - «Қазақ бозбалаларына» деген атпен 1914 жылы «Айқап журналының» №9 санында басылды. Алғашқы кітабы «Қыран кегі» 1944 жылы жарыққа шықты. 

1948 жылы басылған «Көксегеннің көргендері» повесі артынан орыс тіліне аударылған. 

50-60 жылдары «Жас бұтақ», «Ермектің алмасы», «Бақыт», «Жеткіншектер», «Ананың күші», «Мектеп түлектері» әңгімелер жинақтары, өлеңдер мен поэмалар жинағы «Сырлы қайнар», «Цимлян теңізі», «Көтерілген тың» шыққан. Жазушы Шоқан Уәлихановтың бейнесін жасауда көп жұмыс істеген, нәтижесі - «Шоқанның балалық шағы», «Шоқан асулары» повестері, «Замана белестері» романы жарық көрді. Халық ақындарының шығармаларын сұрыптап жинақ етіп шығарды, өнер саңлақтары жөнінде, жыр алыбы Жамбыл Жабаев туралы монография жазды. Көптеген туындылары шетел тілдеріне аударылған. С. Бегалин А. Пушкиннің, М. Лермонтовтың, Д. Мамин-Сибиряктың, Н. Лесковтың және тағы басқа жазушылардың шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаған. Халықтар Достығы, 2 рет «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Қазақстандық дәрігерлердің жалақысы қанша?
Бүгін Бауыржан Ибрагимовтың туған күні
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу