Блок-бекеттің жанындағы полицейлердің «төбелесі» желіні жарды (видео)

Oinet.kz 19-11-2020 1613

Павлодар облысындағы блок бекеттің бірінде екі полицейдің адам жоқ кезде уақытты қалай өткізіп жатқаны бақылау камерасына түсіп қалған. Кадрдан қызметкерлердің күлкілі әрекеттерін аңғаруға болады. Жігіттер "Жұлдыздар соғысы" фильміндегі кейбір қимылдарды көрсеткен, деп хабарлайды Oinet.kz. 

image.png

Видеоның ұзақтығы 30 секундтан аспайды. Кадрдан қызметкерлердің фильмнің кейбір тұстарын қайталағаны аңғару қиын емес. Олардың арасындағы "төбелес" ұзаққа созылмайды, себебі бір полицей қоян қолтық ұрыс әдісіне жүгінген. "Ұрыстың" немен аяқталғаны белгісіз, ролик бітпей жатып үзіліп кетті. 

- "Жігіттер - әрдайым бала болып қалады", "Қуын суық болғандықтан олар осылай жылынып алды", "Бұл жерден ешқандай жаман нәрсе көріп тұрғаным жоқ", "Жігіттерді қолдаймын", "Жігіттер қау жауғанға да риза сияқты", "Жылыну үшін фильмді естеріне түсірген ғой" - деді желі қолданушылар ролик астына. 

Павлодар облысының полиция басқармасы видеоны көргендерін, бірақ ешқандай шара қолданбайтындықтарын мәлімдеді. 

Себебі, олардың әрекеттері тәртіпті бұзуға жол бермеген, деді ведомство. 


Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Экибас в Теме

Парламент жаңа заң қабылдады
Құрсайдағы мәселелер шешімін табады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу