Серік Сәпиевтің әкесі қайтыс болды
Әуесқой бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы, әлемнің екі дүркін чемпионы Серік Сәпиевтің әкесі Жұманғали Сәпиев қайтыс болды, деп хабарлайды Oinet.kz порталы Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.
- Қазақстан бокс федерациясы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевке Жұманғали Дәуітұлының қайтыс болуына байланысты шын жүректен көңіл айтады, - делінген хабарламада. Ведомство, Серік Сәпиевтің әкесі неден көз жұмғанын хабарлаған жоқ.
Айта кетейік, Жұманғали Дәуітұлы - құрметті шахтер, еңбек ардагері. Ол ұш ұл өсірген. Біріншісі – Серік, екіншісі Сергей, ал үшіншісіне туған інісі Бақтайдың есімін берген. Биылғы жылы ақпан айында сол інісі Бақтай Сәпиев те көз жұмған еді.