Бүгін Мәжілістің ең кәрі депутаты Косаревтың туған күні

Oinet.kz 16-11-2020 1377

Осыдан 83 жыл бұрын (1937) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Владислав Борисович КОСАРЕВ дүниеге келді. Көкшетау облысында туған. 

image.png

Омбы ауыл шаруашылығы институтын (1968) және КОКП ОК Жоғары партия мектебін сырттай бітірген (1972). 

1954-1956 жылдары – Көкшетау облысы Рузаев ауданының «Боровской» кеңшарында тракторшы. 

1956-1959 жылдары Кеңес Армиясында қызмет өткерген. 

1959-1961 жылдары – Көкшетау облысы Рузаев ауданының «Боровской» кеңшарында жүргізуші, комсомол комитетінің хатшысы. 

1961-1968 жылдары – Көкшетау облысы Рузаев ауданының «Мичурин», «Володар», «Червонный» кеңшарларында партия комитетінің хатшысы. 

1968-1970 жылдары – Көкшетау облыстық партия комитетінің нұсқаушысы. 

1970-1974 жылдары – ҚЛКЖО Көкшетау облыстық комитетінің бірінші хатшысы. 

1974-1980 жылдары – Көкшетау облысы Ленин аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы. 

1980 - 1990 жылдары – Ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағының Көкшетау облыстық комитетінің төрағасы. 

1990-1997 жылдары – Көкшетау облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы. 

1998-1999 жылдары – Көкшетау қаласындағы «Interteach» Қазақ ұлттық денсаулық сақтау және медициналық сақтандыру корпорациясы өкілдігінің директоры. 1990 – 2004 жылдары – Ақмола облысының № 1 округінен сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты. 

2004-2013 жылдары - Қазақстан Коммунистік халық партиясы ОК бірінші хатшысы (жетекшісі). 

2013 жылдан бастап - Қазақстан Коммунистік халық партиясы ОК құрметті хатшысы. 

Қазіргі қызметінде 2016 жылғы наурыздан бері. ҚКХП партиялық тізімі бойынша сайланған.

Теңге есімі қанша қазақстандыққа берілген?
Тоқаев Асанәлі Әшімовты құттықтады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу