Бүгін Асқар Мырзахметовтың туған күні

Oinet.kz 01-10-2020 869

Бүгін мемлекет қайраткері Асқар Исабекұлы Мырзахметовтің туған күні. 

image.png

Асқар Мырзахметов 1962 жылы 1 қазанда Шымкент қаласында дүниеге келді. 

Алматы зооветеринарлық институтын (1984); 

Бүкілодақтық мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын (Мәскеу, 1988); 

Қазақ менеджмент және маркетинг институтын (Алматы, 1997) бітірген. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты (1988). 

«Нұр Отан» ХДП мүшесі. 1988 жылдан – БААШҒЗЗ Шығыс бөлімшесі жүйесінде кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер. 

1991 жылдан – «Қазақстан» республикалық биржасы» АҚ вице-президенті. 1994 жылдан – «ТАСМО» инвестициялық коммерциялық орталығының бас директоры. 

1995 жылдан – «Агро-Лизинг» АҚ бас директоры. 

1999 жылдан – ҚР ауыл шаруашылық вице-министрі.

2002 жылдан – ҚР ауыл шаруашылық бірінші вице-министрі – ҚР Ауып шаруашылық министрлігі Орман және аңшылық шаруашылық комитетінің төрағасы. 

2005 жылдан – ҚР ауыл шаруашылық министрі.

2006 жылдан – Өзбекстан Республикасындағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2007 жылдан – «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы. 

2009 жылдан – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі. 

2015 жылдан – Нұр Отан партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары.

2016 жылдың мамыр айынан – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі. 

2016 жылдың маусым айынан 2018 жылдың қаңтар айына дейін аралығында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі қызметін атқарған. 

Жамбыл облысының әкімі болды (2018-2020).

Енді қазақстандықтар үйден шықпай-ақ банктерден кредит ала алады
Атырау облысында бірнеше қабір қиратылды (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу