Жақында ұлынан айырылған Ермахан Ибраимовке тоқалы қыз туып берді
Қазақстандық әуесқой боксшы, Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов қызды болды. Бір жыл бұрын ұлынан айырылып қара жамылған спортшының отбасында қуанышты жайт. Әйгілі спортшы қызды болды. Сүйінші хабарды желіде әнші Сәкен Майғазиев хабарлады.
"Ерекем, қызымыздың бауы берік болсын! Былтыр ҚАЗАҚтың батырының басына қара бұлт үйіріліп, екі жарым жастағы ұлынан айырылған еді. Бүгін АЛЛА тағала қыз нәсіп етті. АЛЛА тағалаға шексіз шүкірлер болсын! ЖАРАТҚАН ИЕМІЗ ауыр сынақтардан сақтап, тек жақсылық көруді жазсын", - деп жазды Майғазиев парақшасында.
Желідегі оқырмандар мен өнердегі әріптестері бауы берік болсын десіп құттықтап жатыр.
"Екі жұбайым бар. Қарсы болмаса, неге тағы алмасқа?": Ермахан Ибраимов отбасы туралы шындықты айтты
Айта кетейік, Ермахан Ибраимовтің екі әйелі бар. Спортшы екінші әйелімен Алматыда тұрады. Бірінші әйелі үлкен ұлымен Америкада тұрып жатыр.