Президент өзін мақтап, қол шапалақтауға тыйым салды

Oinet.kz 01-04-2019 1083

1484114024_rezidenciya-prezidenta-uzbekistana-islama-karimova-oksaroj-v-tashkente-2007-god__866592_.jpg

 Бұхара облысына барған сапарында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев шенеуніктерді өзін шектен тыс мақтап, жөнсіз марапаттауға тыйым салып, мұның орнына мақсатты түрде жұмыс істеуге шақырды.

«Әкімдердің жұмыстары әрбір көшеде, әрбір адамның өмірінен көрінуі керек. Қол шапалақтап, мадақ сөздерді айтуға тыйым саламын. Оның орнына әр үйдің тұрғындарымен жұмыс істеңдер», – деді Мирзияев.

Жалпы Орталық Азияда шенеуніктердің президенттің әрбір сөздеріне қол шапалақтауы әдетке айналған. Өзбекстанда Ислам Каримов тұсында бұл көрініс кең тараған.

Мирзияев осының алдында сөйлеген сөздерінде де шенеуніктерді оянуға шақырған.

«Ояныңдар, егер сендер оянбасаңдар, мен ешнәрсе істей алмаймын», – деген еді Шавкат Мирзияев облыстардың біріне барған сапарында.

Декларацияны бірінші кезеңде шенеунік пен оның жұбайы тапсырады
Нұрғазы Бұхарбаев төраға болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу