Қазақстандағы бақыттың деңгейі 10 сатыға көтерілді

Oinet.kz 11-09-2020 936

Қазақстандағы бақыттың деңгейі былтырғы жылмен салыстырғанда 10 сатыға көтерілген. Дәлірегі әлемдегі бақыт деңгейінің рейтингісі  (World Happiness Report) бойынша Қазақстан 2019 жылмен салыстырғанда 10 сатыға жоғарылап, 50-інші орын алды. Рейтингке жалпы 153 ел қатысқан. Айта кетері, аталған рейтинг «Бүкіләлемдік бақыт туралы есеп» деп те аталады. Оны жыл сайын Біріккен Ұлттар ұйымы 2012 жылдан бергі аралықта  жариялап келеді. 

image.png

153 елдің ішінен 50-інші орын алу дегеніңіз өте жақсы жетістік. Қазақстан Еуразиялық одақ елдерінің ішіндегі ең бақытыт ел екен. Рейтингте Ресей- 73-інші, Қырғызстан-74-інші, Беларусь-75-інші, Армения-119-інші орын алған. 

Аталған рейтингті түзу кезінде бірнеше көрсеткіштер негізге алынады. Олардың қатарында жалпы ішкі өнім, өмір сұру ұзақтығы, азаматтық бостандық, ертеңгі күнге деген сенім мен қауіпсіздік сезімі, отбасының тұрақтылығы, жұмыспен қамту кепілдігі, жемқорлық деңгейі, сондай-ақ, сенім, қайырымдылық пен жомарттық сияқты көрсеткіштер бар. 

Биыл бақыттан басы айналып отырған елдердің көшін Финляндия, Дания, Швейцария, Исландия, Норвегия, Нидерланд, Швеция, Жаңа Зеландия, Австрия мен Люксембург бастады. Ал ең соңғы орында - Зимбабве, Оңтүстік Судан мен Ауғанстан тұр.

"Рейтинг" газеті

«Қама» деді ме, қамап жатырмын»
Әкім Есбаевтың ендігі тағдырын сот шешеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу