«Қама» деді ме, қамап жатырмын»

Oinet.kz 11-09-2020 882

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасарының ұсталуына қатысты түсініктеме берілді, деп хабарлайды Oinet.kz. 

image.png

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаевтың адвокаты оның ұсталуына қатысты мән-жаймен бөлісті. Бұл туралы шендінің адвокаты Игорь Вранчев Facebook-тегі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, 10 қыркүйекте сағат 15.10-да  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Таубаевтың үйіне келіп, қандай да бір мән-жайларды түсіндіру үшін бір сағатқа өздерімен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ғимаратына баруды ұсынған.

- Тек сол араға барғанда оның қамауға алынатынын айтқан, бірақ не үшін, қандай іс бойынша екенін айтпаған. Сағат 16.18-де оның адвокаты ретінде маған Атырау қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ғимаратына кіруге рұқсат қағаз беріліп, ал 16.20-да тергеуші Г.Кукатов Таубаевты қамауға алу туралы хаттама толтыра бастады. Менің "хаттаманы толтыруға не себеп, қамауға не үшін алдыңдар" деген сұрағыма тергеуші: "Өзім де білмеймін, маған қама деді ме, қамап жатырмын" деп сөзбе-сөз жауап берді, - дейді адвокат.

Сағат 17.00-де осылайша қамауға алу хаттамасы дайын болды, бірақ күдіктіні не үшін ұстап жатыр, кінәсі неде деген сауалға сол күйі жауап болмады.

- "Әрі қарай, енді тергеуші Д.Сахариев Таубаевты сұрақ-жауапқа алатынын мәлімдеді. "Сіз куәлік бермейсіз ғой, одан бас тартасыз ғой, иә?", - деді ол. Таубаев оған куәлік беруден бас тартпайтынын, бірақ алдымен өзін не үшін ұстағандарын, қандай іс бойынша күдікке алынғанын түсіндіруді сұрады. Мен ол жерден сағат 20.12-де шықтым, Таубаевты уақытша ұстау изоляторына алып кетті", - дейді Вранчев.

Оның айтуынша, төрт сағат ішінде ол БАҚ жазып жатқан қандай пара екенін, қандай мөлшерде және кімнен алғанын біле алмаған.

10 қыркүйекте Атырауда облыс әкімінің бірінші орынбасары мен құрылыс басқармасы бастығының ұсталғаны туралы ақпарат жарияланды.

Мәдениет, спорт, туризм саласы қызметкерлеріне құрмет көрсетілді
Қазақстандағы бақыттың деңгейі 10 сатыға көтерілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу