ШҚО-дағы KAZ Minerals құрылысы кезінде қайғылы оқиға орын алды

Oinet.kz 09-09-2020 1065

Шығыс Қазақстан облысындағы KAZ Minerals фабрикасының құрылыс алаңында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

photo_71685.jpeg

"KAZ Minerals тобы Шығыс Қазақстан облысында Ақтоғай кен орнындағы екінші қайта өңдеу зауытының құрылысында болған қайғылы оқиға туралы қайғыра хабарлайды. 7 қыркүйекте кешкі сағат он шамасында монтаж жұмыстары кезінде мердігер компания - ICG қызметкері биіктен құлап кетті. Салдарынан ол жарақаттар алып, қаза тапты", - делінген хабарламада.

Оқиға орнында жұмыс тоқтатылған. Қайғылы жағдайдың себебі анықталып жатыр. Оны тексеру үшін арнайы комиссия құрылған. 

KAZ Minerals тобының басшылығы мен ұжымы қаза тапқан қызметкерінің отбасына көңіл айтты. 

Бас прокуратура: Ақжарқын Тұрлыбайды елге алып келуге болады
Ақмола облысында жантүршігерлік оқиға орын алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу