«Алтыншы ұлы қасында болған»: Әйел 5 баласын өлтірді деген күдікке ілінді

Oinet.kz 04-09-2020 1556

Неміс полициясы Солтүстік Рейн-Вестфалия федералды жерінде орналасқан Золинген қаласындағы пәтерден денесі табылған бес баланың өлімін тергеуде, деп хабарлайды Oinet.kz сайты  "Хабар24" арнасына сілтеме жасап.

news_full1585287714b652247a0029b7eb02109eeae944ec7b.jpg

Қылмысты олардың анасы жасады деген күдік бар. Полицияға сәбилердің әжесі қоңырау шалған, содан кейін тәртіп сақшылары көрсетілген мекен-жайға келген. 

"27 жастағы анасы Дюссельдорфтағы пойыздың астына түсуге тырысып, жарақат алды. Қазір ол ауруханада жатыр және біз, әрине, оқиғаға байланысты одан жауап аламыз", - деді полицияның ресми өкілі Штефан Вайд.

"Әйелмен бірге оның алтыншы баласы, 11 жасар ұлы болды. Бақытымызға орай, оның жағдайы жақсы", - деді Солтүстік Рейн-Вестфалияның ішкі істер министрі Херберт Ройл.

Оқиғаның мән-жайы туралы ештеңе белгісіз, қосымша мәліметтер әлі хабарланған жоқ. Күдікті полиция күзетінде. 

 Балалардың өлімінің нақты себебі де әлі анықталған жоқ. Бұл қылмысты ашу үшін 40-қа жуық полиция қызметкері жұмыс істейді.

​Бұрынғы премьер-министрі коронавирус жұқтырды
Әкесі министрлікте басшы болған шенеунік шын мәнінде кім?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу