«Шенеуніктердің отбасыларына шетелде шот ашуға тыйым салынады» - Қаржы министрі
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев шенеуніктердің отбасы мүшелеріне шетелдік шоттар ашуға тыйым салынатынын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі.
- "Көлеңкелі экономикаға қарсы күрес аясында министрлік басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп кешенді іс-шаралар өткізуде. Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі жоспар өзектендіріледі және оффшорлық юрисдикцияларға ақша аударымдары бөлігінде заңнама жетілдіріледі", - деді министр.
Ол сондай-ақ, министрлік FATF (ақшаны жылыстатуға қарсы қаржылық шараларды әзірлеу тобы) ұсыныстарын орындайтынын айтты:
мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың лауазымды тұлғаларына және олардың отбасы мүшелеріне шетелдік шоттарды ашуға тыйым салуды енгізу;
салық органдарының кәсіпкерлік субъектілерінен түпкілікті бенефициарлар туралы мәліметтерді алу құқығын заңнамамен бекіту.
Сондай-ақ, оның айтуынша, ЭЫДҰ елдерінің салық органдары арасында ақпарат алмасу аясында ел резиденттерінің қаржылық шоттары туралы мәліметтерге талдау жүргізу жоспарлануда.