Бүгін Мәжіліс төрағасының туған күні
1062 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин дүниеге келді.
Қарағандыда туған. Қарағанды политехникалық институтын бітірген. Саяси ғылымдар докторы. Институт бітіргеннен кейін «Қарағандыоблгаз» өндірістік бірлестігі автоколоннасының инженері, бастығы болып жұмыс істеген. 1985-1990 жылдары Қазақстан ЛКЖО Ленин аудандық комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан ЛКЖО ОК комсомол ұйымдары бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан ЛКЖО Қарағанды облыстық комитетінің хатшысы, бірінші хатшысы болды. 1990-1993 жылдары - Қазақстан жастар ұйымдары комитетінің төрағасы. 1993-1995 жылдары - «Тенгри» қазақ-американ бірлескен кәсіпорнының президенті. 1995-1999 жылдар аралығында - Президент Әкімшілігі Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы, бөлім меңгерушісінің орынбасары. 1999-2002 жылдары - Астана қаласы әкімінің орынбасары. 2002-2004 жылдар аралығында - Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация вице-министрі. 2004-2006 жылдар аралығында - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары. 2006-2009 жылдар аралығында - Қарағанды облысының әкімі. 2009-2012 жылдар аралығында - «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары. 2012-2014 жылдар аралығында бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, «Нұр Отан» ХДП-ның Парламент Мәжілісіндегі парламенттік фракциясының жетекшісі. 2014-2016 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы. 2016 жылдың маусым айынан бері - қазіргі қызметінде. «Nur Otan» партиясының Парламент Мәжілісіндегі парламенттік фракциясының жетекшісі. «Құрмет» (2004), II дәрежелі «Барыс» (2009) ордендерімен, «Астананың 10 жылдығы» (2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл» (2006) мерекелік медальдарымен және өзге медальдармен марапатталған.