Түркістанда қыз алып қашқан төрт жігіт сотталды

Oinet.kz 26-08-2020 1322

Түркістанда қыз алып қашқандарға сот үкімі шығарылды.

Алдынғы жылы 3-желтоқсан күні Түркістан қаласында 20 жастағы бойжеткенді таңертең оқуға бара жатқан жерінде, төрт жігіт көлікке басып салып, алып кетеді. Әуелі аруды Шымкенттегі туыстарының үйіне алып келіп, болашақ «күйеу» жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып күш қолданған. Қыз жігіттің жеңгелерін де жауапқа тартуды сұраған болатын.

Өміріне  қауіп төндіріп, еркінен тыс зорлағаны сотта өз дәлелін тапты деді телефон арқылы сұқбат берген сот төрағасы. Төрт айыпталушының ісі қалалық сотта жабық есік жағдайында қаралды. 20 жастағы бойжеткенді еркінен тыс ұрлап, көндіру үшін зорлағандардың алды сегіз жылға жаза арқалады.

Түркістан қалалық сотының төрағасы Айгүл Жаңабаева әр сотталушы 7 жылға бас бостандығынан айырылған. 

"Сот үкімімен үш сотталушыға қатысты «адам ұрлау» бабымен әрқайсысына 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Және тағы бір сотталушыға қатысты «Адам ұрлау» және «зорлау» екі бап бойынша түпкілікті 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған", - дейді Айгүл Жаңбырбаева.

Дереккөз: stan.kz 

Алтай ​Көлгінов маңызды үндеу жасады
Алматыда жаңа туылған нәрестені арықтан тауып алған видео пайда болды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу