Алтай ​Көлгінов маңызды үндеу жасады

Oinet.kz 26-08-2020 767

Елорда әкімі Алтай Көлгінов кәсіпкерлермен карантинді жеңілдету және санитарлық нормаларды сақтауға қатысты онлайн кездесу өткізді, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.Астана әкімі Алтай Көлгінов

"Бірқатар нысанның жұмыс істей бастағанына осымен екінші апта. Вирус ешқайда кетпегенін түсіну керек. Алдымызда тұмау маусымы келе жатыр. Алғашқы карантиннен сабақ алып, қателіктерге жол бермеу қажет. Бұл үшін нысандарда санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтаған абзал", - деді Көлгінов.

Фитнес орталықтардың жұмыс уақыты ұзарды

Елорда басшысы фитнес орталықтардың жұмыс уақыты 21:00-ге дейін ұзартылғанын атап өтті. Бұған дейін олар 17:00-ге дейін ғана ашық еді.

"Сондай-ақ, басқа сауда нысандарының да жұмыс уақытын созу мүмкіндігін қарастырамыз. Бұл адамдардың бір мезетте келіп, шоғырлануына жол бермейді", - деді әкім.

Стационарлық тепловизорлар

Нұр-Сұлтан әкімдігі кәсіпкерлерге нысандарда стационарлық тепловизорлар орнатуды ұсынды. Бұл 30-40 шақты адамның дене қызуын бірден өлшеуге және адамдар ағынын тиімді басқаруға мүмкіндік береді.

Көлгіновтің айтуынша, індет басталғалы мұндай тепловизорлар қалалық емханаларда орнатылған.

Сонымен қатар, әкім желдету жүйесінің үздіксіз жұмысын, барлық жерде әлеуметтік арақашықтық белгілері мен санитайзерлердің болуын қамтамасыз ету қажеттігін ескертті. Адамдарға жабық кеңістікке маскасыз кіруге тыйым салынуы тиіс.

Рейдтер тұрақты түрде жүргізіледі

Әкімдік кәсіпорындарда санитарлық нормалардың бұзылуын анықтау бойынша тұрақты негізде рейд жүргізіп тұрады.

Мәселен, жуырда жүргізілген рейд барысында "Артем" және "Big Шанхай" базарларының басшылығына ескерту жасалды. Оларға айыппұл салынды.

"Қазір біз жаңа жағдайда өмір сүруге мәжбүрміз. COVID-19 өз дегеніне көндіруде. Егер әр басшы санитарлық нормалардың сақталуына жауапкершілікпен қараса, онда бүкіл ұжым сақтайды. Бұл сізге келетін клиенттердің де қауіпсіздігі үшін қажет", - деді Көлгінов бизнесмендерге.

Онлайн кеңесте кәсіпкерлердің бірқатар мәселесі шешімін тапты, қалғандары қаралады.

Шымкентке жақын маңдағы қасиетті тауда пирамидалар пайда болды
Түркістанда қыз алып қашқан төрт жігіт сотталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу