Қызылорда облысында құлаған тікұшақтың экипажы қайтыс болды
Қызылорда облысында құлаған Ми-8 тікұшағының экипажы қайтыс болды. Бұл туралы Твиттерде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
«Қорғаныс министрлігінің тікұшағы Қызылорда облысында апатқа ұшырады. Тікұшақ Ақтау-Шымкент бағытындағы әскери жаттығу бойынша ұшып бара жатқан еді. Тікұшақтың экипажы қайтыс болды. Мен тергеуді бастау туралы тапсырма бердім. Зардап шеккендердің отбасыларына көңіл айтам. Оларға материалдық көмек көрсетілетін болады», - деп жазды Қазақстан президенті.
Еске сала кетсек, бүгін сағат 17:35-те "112" пультіне Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағы құлап, толығымен өртеніп кетті.