Бір тәулікте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 29 адам қайтыс болды

Oinet.kz 13-08-2020 1782

Ресми мәліметтерге сәйкес, 12 тамызда Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмониядан жеті, нақты COVID-19 диагнозы қойылған 22 адам көз жұмған, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап. 

koronavirus-IVL-e1585884216590.jpg

13 тамыздағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония ауруы туралы ақпарат: 

Өткен тәулік ішінде коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмониямен ауырған 972 адам анықталған. 

Жалпы, 1 тамыздан бастап 15 732 адамға аталмыш диагноз қойылып, 188 адам қайтыс болған. 

13 тамызда коронавирустық инфекциямен ауырғандар келер болсақ. 

Өткен тәулікте, 517 адамнан COVID-19 анықталып, 22 адам көз жұмған. 2079 пациент жазылып шыққан. 

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 23 281 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 100 өскіншек бала бар. Стационарларда 4 151 науқас бар. 19 130 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 423 адамның жағдайы нашар, соның ішінде 106 науқастың жағдай аса қатты ауыр деп бағалануда. 99 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. 

«Басымды қатырмаңдар» деп халыққа жекіген Ерғали Сыдыманов шын мәнінде кім?
«Алматының үстінде тағы да тікұшақтар пайда болды» - себебі анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу